Қазақстанда «UFC TV» спорт арнасы хабар таратуын бастады. Ол үшін «TV COM» «QAZSPORT» арнасымен бірге серіктестік келісімге келді. Тағы бір ақпар. UFC ережесіз жекпе-жегін қазақстан көрермендері тікелей эфирде «QAZSPORT» телеарнасынан тамашалай алады. 19 қаңтар күні таңғы сағат 7:00-де басталатын Конор Макгрегор мен Дональд Серроненің Лас-Вегаста өтетін кездесуі 5 сағатқа созылады деп жоспарланған. Конор Макгрегор соңғы 15 ай бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Осыған дейін 25 кездесудің жиырма бірінде жеңілген спортшы мен ирландиялық «Ковбой» арасында өтетін кездесу, жыл басындағы ең маңызды спорттық оқиға болмақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жекпе-жектер көрсетілетін UFC TV каналы ашылатын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121600/)