Президенттік жастар кадрлық резервіне іліккен 300 адамның 102-сі – жеке, 98-і – квазимемлекеттік сектордан. Ал, қалғаны – мемлекеттік қызметші. Оларды қызметке президент өзі тағайындауы мүмкін немесе әкімдер мен министрлер шақыра алады. Президент әкімшілігі де ұсыныс білдіре алады. Басты міндет мемлекеттік басқаруды жаңарту қажет. Мақсат – жемқорлықтан ада, жаман қасиеттерді бойына сіңірмеген жастарды жұмысқа тарту. 13 мың үміткерден суырылып алға шыққан 300-і жақында Мемлекет басшысымен кездесті. Жалпы іріктеуге жоғары білімді, жасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, 1-ден 3-ке дейін ұсыным хаты бар азаматтар қатысты. Президенттік жастар кадр резервіне енгендердің орташа жасы – отыз бір. Құрамында түрлі ұлт өкілдері бар.
Ғабит БӨКЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жастар кадрлық резерві жастарды мемлекеттік қызметке тартуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121646/)