Непалдың Гималай тауларында қар көшкінінен жоғалған 7 альпинист әлі табылмады. Олардың төртеуі – Оңтүстік Корея азаматы, қалған үшеуі – жергілікті жол көрсетушілер. Бұл туралы ел билігі хабарлап отыр. Оқиға жұма күні 3 мың метрден астам биіктіктегі тау алабында болған. Мамандардың айтуынша, көшкінге нөсер жаңбыр мен қалың қар себепші.
Жоғалғандарды іздестіру жұмыстарына 4 тікұшақ, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Дегенмен, оларға қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Оқиғадан кейін таулы өңірдегі басқа да альпинистер қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гималай тауында көшкін жүріп, 7 адам жоғалып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121674/)