Таразда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды. Онда ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері хикмет кітаптары қойылған. Сондай ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған 80-нен астам ғалым-жазушының зерттеулері мен еңбектері де бар. Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Ұлы Абайдың бай мұрасын тереңірек оқып-білгісі келетін жас ұрпақ үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бүгін облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасындағы музей көпшілікке таныстырылды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121678/)