Еуропалық кеңес Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімшартты ратификациялады. Енді қос тараптың ынтымағы осы құжат аясында беки түспек.
Бұл туралы тараптар Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық Одақ» іскерлік кеңесінің 17-отырысында мәлімдеді.
Басқосуға қазақстандық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастап барды. Жиын барысында қос тарап екіжақты байланысты күшейтудің қыр-сырын талқылады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен ЕО арадағы келісімшартты ратификациялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121700/)