Мектеп маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Былтыр полицейлер қаладағы 42 білім ошағындағы ахуалды тексеріп, оның 32-інде «Абайлаңыз, балалар!» дейтін арнайы жол белгісі мен жаяу өткіншілер жолағының жоғын анықтаған.
Тұрғын үй шаруашылығы басқармасына ұсыныс беріп, жаңадан 70-тен астам жол белгісі қойылды. Атап айтсақ, жасанды кедергілер, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, дыбыс жолақтары орнатылды. Соның арқасында жол апаты айтарлықтай азайды,- дейді полицейлер. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы оқушылар 33 мәрте жол апатына түссе , былтыр бұл сан 10-ға қысқарған.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда мыңнан астам жол белгілері жаңартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121701/)