«Шырақшы» деп аталатын фильмнің авторы әрі қоюшы режиссері — Ермек Тұрсынов. Киноның негізгі желісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс қариядан киноаппарат алған қазақ солдаты туралы. Еліне аман-есен оралған сарбаз осы құрылғының көмегімен ауыл-ауылға фильм көрсетеді. Өзге тілде болса да өз түсінігінше аударады. Осылайша халықтың мейірлене көргенінен ләззат алып, алғысына бөленеді.
Кино туынды өткен жылы әлемдік «Киношок-2019» фестиваліне қатысып, басты рөлді сомдаған әртіс Мұрат Мұқажанов үздік образды сомдағаны үшін ерекше марапатқа ие болды. Актер түсірілім барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ киноқоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121704/)