![«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/22/1579669496051.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды.
«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты бәс қабылдай алмайды», - делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121746/)