![Елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/23/1579750897553.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды.
«Бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», - делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ, қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Білім басқармасы таратқан хабарламада айтылған.
Еске салсақ, кеше елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмаған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121807/)