Соңғы жылдардағы әлемдік дағдарысқа байланысты Израиль мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы төмендеп кеткен. Бұл туралы Алматыда өткен бизнес - форумда айтылды. Мамандар оның басты себебін мұнай бағасының арзандауымен байланыстырып отыр. Сондықтан, олар алдағы уақытта сауда айналымын басқа салалар арқылы арттырмақ. Соның бір тармағы - ауыл шаруашылығы мен медицина. Сондай-ақ, инвестиция көлемін ұлғайту да жоспарлануда. Ал, 1997 жылдан бері Израиль біздің елімізге 212 млн АҚШ доллар көлемінде қаржы құйған. Бүгінде Қазақстанда 270 израильдік компания жұмыс істеп жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан-Израиль кәсіпкерлерінің бизнес - форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12181/)