![GGG келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/24/1579847176325.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Геннадий Головкинның промоутері Эдди Хирн отандасымыздың келесі жекпе-жегі туған өлкесінде өтуі мүмкін деді. Оның айтуынша, Головкин міндетті түрде Шереметамен жұдырықтасады.
Кездесу уақыты әлі нақтыланған жоқ. Наурыз айына жоспарланған жекпе-жек сәуір айына ауыстырылған.
Осыған қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко былай деді: «Бәрі мүмкін. Алайда Головкин мен Хирн үлкен табысқа кенеле алмайды. Еліміздегі бокстың дамуына үлкен үлес қосар еді. Жекпе-жектің Қазақстанда өтуі - тактикалық тұрғыдан өте жақсы шешім».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=GGG келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121873/)