Волонтер жылы - министрліктің немесе Үкімет деңгейінде өткізілетін кезекті акция емес, еліміздің бүкіл аймақтарындағы азаматтардың басым бөлігін қамтитын жүйелі жұмыс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясына барлық облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерін жиған кеңес барысында осыны қатаң ескертті. Мемлекет басшысы облыс, қала басшыларына өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Биылғы жыл қоғамдық-саяси оқиғаларға толы. Мерейтойларға арналған іс-шараның барлығы іскерлік және атаулы сипат алуы тиіс екенін тағы бір мәрте еске салды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент әкімдермен кеңес өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121913/)