![Қазақстанның 9 облысында жол жабық](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/27/1580098201966.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 7429 шақырымды құрайтын 61 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 29,8% құрайды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметі.
Жалпы, жол қозғалысы 9 облыста жабық. Оның ешінде ең көп жабылған жол учаскелері Ақмола облысына қарасты.
Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Мұнда 637 шақырым жол жабық.
Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс істеуде.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның 9 облысында жол жабық&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121946/)