![Президент БАӘ-ге ұшып барды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/27/1580102181215.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Мұны Президенттің баспасөз хатшысы Бәрік Уәли хабарлады.
Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі. Сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент БАӘ-ге ұшып барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121955/)