![Қазақстанда -30°C-қа дейін аяз болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/27/1580107372658.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Қазгидромет Қысқа мерзімді ауа райын болжау бөлімінің басшысы Алуа Саханова мәлімдеді.
«29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклонының түсуі күтіледі, бізде салқын ауа райы сақталады. Жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы қаңтар айындағыдай болады. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта -20-30°C болады. Бірақ мұндай төмендеу қысқа мерзімді. Өйткені, Атлантикалық циклон қазірдің өзінде Ресейдің еуропалық аумағына енуде. Осыған байланысты жылу еліміздің батыс аймақтарына жылжиды», - деді Алуа Саханова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда -30°C-қа дейін аяз болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121966/)