![Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/27/1580116784784.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Тонхэ қаласындағы қонақүйлердің бірінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. 5 адам зардап шеккен.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Ғимараттың екінші қабатындағы тұрғындар түскі ас әзірлеп жатқан кезде газ жарылған.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, сол кезде бөлмеде 7 адам болған, оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазірде оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Фото: Republic World
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121977/)