Шығыс Қазақстанда тұмау өршіп тұр. Өткір респираторлық вирустық аурудың белең алуына байланысты облыста 3 мектеп уақытша карантинге жабылды. Алтай және Қатон-Қарағай ауданында барлығы 1 жарым мыңға жуық оқушы бір апта сабаққа бармайды. Жалпы, аймақта қаңтар айының 16-сы мен 22-і аралығында 4 мыңнан астам адам тұмауға шалдыққан. Оның дені мектеп оқушылары. Сырқаттанған балалардың көбі 14 жасқа толмаған. Мамандардың мәлімдеуінше, өңірдегі жедел респираторлық-вирустық инфекцияның таралуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 процентке көп.
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда тұмауға байланысты 3 мектепті уақытша карантинге жапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121999/)