![Елорда әуежайында боранға байланысты бүгін тағы 13 рейс тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/28/1580193877721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
28 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 19 рейс кешіктірілді. Оның ішінде ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 7 (Тараз, Талдықорған, Алматы, Орал, Новосибирск және Бейжің қалаларына), ұшып келуі тиіс рейстер саны – 12.
Сонымен қатар 13 рейс тоқтатылды. Оның ішінде ұшып кетуі тиіс рейстердің саны – 6, ұшып келуі тиіс рейстердің саны – 7.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов хабарлады.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда әуежайында боранға байланысты бүгін тағы 13 рейс тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122022/)