Қытай астанасы Бейжіңде коронавирустан 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай астанасы Бейжіңде коронавирустан 1 адам қайтыс болды

28.01.2020

Жалпы алғанда ел бойынша бұл инфекциядан 106 адам жан тәсілім еткен. Қытай Ұлттық Денсаулық Сақтау Комиссиясының дерегінше, превмонияның жаңа түріне шалдықтыратын бұл ауруды жұқтырғандар саны 4500-ден асты. Сонымен қатар, жұмбақ вирус әлемнің оннан астам мемлекетіне жетіп отыр. 

Қазір АҚШ, Жапония, Франция, Моңғолия және өзге елдердің үкіметтері коронавирустың эпицентріне айналған Ухань қаласынан азаматтарын эвакуациялауды жоспарлап жатыр. 

Оның жолын бөгеу үшін Қытай үкіметі 11 миллион халқы бар Уханьмен бірге 50 миллиондай адам тұратын тағы 17 қаланы оқшаулады.

Айта кетсек, адамнан адамға берілетін бұл дертке қарсы вакцина әзірге жасалмай отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу