2019 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26 пайызға дейін жеткен. Әрі биыл Қазақстанда көліктің 10-нан астам жаңа моделі шығарыла бастады. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралап, көлік өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарымен танысты. Енді елімізде жылына 100 мың автокөлікке дейін құрастыру көзделген. Оның 10-15 мыңын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Әзербайжан секілді елдерге экспорттау жоспарда бар. Осы мақсатта ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда көліктің 10-нан астам жаңа моделі шығарыла бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122044/)