Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Самат Рамазанов Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының тумасы. Мамандығы - құқықтанушы, іскерлік әкімшілік магистрі, Женева Бизнес мектебінің түлегі.
Бұған дейін «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясында әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры болған. Оған дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
Гүлжазира Ғалиқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президенттік кадр резервінің мүшесі жаңа қызметке тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122097/)