Қарағанды облысында екі аптаға созылған боранды ауа райының салдарынан жол қозғалысы қиындады. Барлық бағыттағы тасжол жабылып, шалғайдағы ауыл-аймақтарға қатынас мүмкіндігі шектелді. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек шұғыл жиналыс өткізіп, жауаптыларды сын тезіне салды.
Алысқа бармай-ақ, облыс орталығының өзінде қалың түскен қардан көлік кептелістері пайда болды. Ал қоғамдық көлік қозғалыс қиындығынан кестеден ауытқып, жұрт әбігерге түсті. Әсіресе, бұл жағдай кеше күрделеніп, тұрғындар ақтүтек боранда үйлеріне жаяулап-жалпылап қайтуға мәжбүр болған.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жеңіс Қасымбек қардың дұрыс тазаланбауына байланысты Қарағанды әкімдігін сынға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122139/)