23 адамды шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Көкшетау қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Азаматша Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарын Норвегияға жұмысқа жіберемін деп сендірген.
Жәбірленушілер 100-700 мың теңге көлеміндегі қаражаттарын айлакерге өздері ұстатқан. Барлығын қосқанда 11 миллион теңгеден астам қаражат жинап берген. Алайда шетел асқан ешкім жоқ.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұртты шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ 5 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122142/)