Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңызы зор. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы, Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдау кезінде осыны айтты. Кездесуде одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамыту мәселелрі әңгіме өзегі болды. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев, жаңа қызметке тағайындалған Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Е.Көшербаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122150/)