Бүгін Асқар Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесті. Олар Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматыға келген болатын. Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румаспен инвестициялық, индустриялық, агроөнеркәсіп, энергетикалық, транзиттік-көліктік, әскери-техника салаларындағы, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың табысты әрі тиімді үлгісін көрсетеді. Ал Молдова Премьер-министрі Ион Кикумен кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл перспективалары сөз болды. Үкімет басшысы Қазақстанның Молдовамен сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуы үшін әлеуеттің жеткілікті екенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин бірқатар елдердің үкімет басшыларымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122166/)