Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Намазалы Омашевтің 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жарты ғасырға жуық өмірін журналистика саласына арнап, осы салада талай шәкірт тәрбиелеген Намазалы Омашұлы 13 монографияның, 3 оқулықтың авторы.
Көрнекті ғалымның мерейтойына орай Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құттықтау хаттарын жолдады. Кеш барысында «Өнегелі өмір: Намазалы Омашев» кітабының тұсауы кесілді.
Фариза Мұсақызы, Дәулетбек Әбдірахманов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Намазалы Омашевтің 70 жылдық мерейтойына орай конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122198/)