Жеке меншік стоматологияда комаға түскен бүлдіршіннің жағдайы да әлі де ауыр. Науқасты күні-түні бақылап отырған дәрігерлер мидың церебральды ісінуі деген дигноз қойды. Естеріңізге салайық, осыдан үш апта бұрын елордадалық Анастасия Зеленая сап сау қызының тісін емдетуге барып, ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізген еді. 2 жарым жастағы Алиса анестезиядан кейін түсініксіз жағдайда осындай күйге түскен. Қазір істің ақ-қарасын тиісті органдар анықтап жатыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Стоматологияда комаға түскен бүлдіршіннің жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122222/)