Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің құрылысы сапасыз болып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті тексеру жүргізіп, біраз олқылықтың бетін ашты.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін мемлекеттік негізде тұрғызылған 3036 пәтерлік 49 тұрғын үй мерзімінен кеш берілген. Сондай-ақ соңғы бір жылдың ішінде 12 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жарамсыз болып, кемшіліктердің кесірінен құрылысы дереу тоқтатылған. Сәйкесінше, қазына қаржысы талан-таражға түспей кері қайтарылды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасы сын көтермейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122256/)