Гонконгта мыңдаған медицина қызметкері Қытаймен арадағы шекараны жабуды талап етіп, ереуілдетіп жатыр. Олар коронавирустың өршіп бара жатқанына алаңдаулы.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада аталған вирусты жұқтырғандар саны 15-ке жеткен.
Гонконг әкімшілігі өткен аптада Қытайға қатынайтын пойыздар мен паромдарды тоқтатты. Сонымен қатар, бірнеше бағыттағы шекаралық жолдар жабылып, вирус ошағы - Ухан қаласынан адамдардың келуіне шек қойылған-ды. Алайда демонстранттар бұл әрекеттерді жеткіліксіз деп отыр. Олардың айтуынша, жұқпалы инфекцияның таралуын тоқтату үшін Гонконгты материктен толықтай оқшаулау керек.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гонконгта мыңдаған медицина қызметкері шеруге шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122273/)