Түркия Сирия қарулы күштерінен кек алуды тоқтатпайды. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған ескертті. Мұндай мәлімдемені ол Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында артиллериялық шабуылдан түріктің төрт жауынгері мерт болып, тоғызы жараланғаннан кейін жасады.
Сонымен қатар Ердоғанның айтуынша, Араб Республикасына жауап қайтару кезінде түрік армиясы 30-35 сириялықты жойған. Президент Ресейді бұл жанжалға араласпауға шақырды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркия әскері кек алуды жалғастырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122275/)