![«Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/3/1580729684205.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.
С.Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, қамауға алынды.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122278/)