Маңғыстауда Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясының басшысы 2,5 миллион теңге парамен ұсталды. Құзырлы орган өкілдері таратқан мәлімет бойынша, лауазымды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен бірнеше рет 20-30 мың теңге көлемінде пара алып, мал азығын экспорттауға қажетті ветеринарлық құжатты заңсыз бергені үшін айыпталуда. Сондай-ақ, оған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды басқаруға заңсыз араласты деген де айып тағылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Ал, кінәсін толық мойындаған шенеунік әзірге үйіне жіберілген.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтау қалалық инспекциясының басшысы 2,5 миллион теңге парамен ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122288/)