![Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 425-ке жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/4/1580788565963.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайдың Хубэй провинциясында 2019-nCoV вирусынан қаза тапқандардың саны 425-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 20438 адам. 2788 адам ауыр халде жатыр. Ал 632 науқас ауруханадан емделіп шыққан.
Сондай-ақ 23214 адам жаңа коронавирусты жұқтырды деген күдік бар. Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 171,3 адам дәрігерлер бақылауында.
Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған еді. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтады, жаңа коронавирусқа 2019-nCoV атауы берілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды. Қытайға індетпен күресу үшін 11 мемлекет қаржылай көмек көрсетті.
ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 425-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122300/)