Кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылды деп азық-түлік бағасын өсіріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылды деп азық-түлік бағасын өсіріп отыр

04.02.2020
Кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылды деп азық-түлік бағасын өсіріп отыр

Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Тұтынушыларымызға өтінішім бар. Қазіргі уақытта саудагерлер Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп, азық-түліктің бағасын көтере бастады. Осыған орай Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл - тек бизнестің жосықсыз әрекеті», - деді ол. 

Министр тұтынушылардан осындай жағдайға, сондай-ақ базарларда немесе сауда нысандарында баға сөз байласуына куә болса, 8 (7172) 75 16 32, 8 (7172)74 98 32 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінді. 

«Біз сөз байласуларға жедел ден қойып, оны жоя аламыз»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Хабарламаларға жазылу