Ұлттық банк базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді өзгеріссіз қалдырды.
Мамандардың сөзінше, инфляция 4-6 пайыз көлемінде сақталады. Осы жылы қаңтарда жылдық инфляция 5,6 пайыз болған. Азық-түлік тауарлары 9,2, өзге тауарлар – 5,2, ақылы қызметтер 1,4 пайызға қымбаттаған.
Халық табысы былтыр қаңтар-қараша айларында 5,8 пайызға, несиелеу мөлшері өткен жылы 26,9 пайызға өскен.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122316/)