![СҚО-да әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған көрме өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/10/1581335380048.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Петропавлда «Әл-Фараби - Шығыстың көрнекті ұстазы» атты көрме өтті. Ұлы ғұламаның 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада әл-Фарабидің 100-ге жуық еңбегі мен өмірі жайлы мәліметтер қойылған.
Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО-ның қолдауымен 7 том болып жарық көрген «Әлем ойшылы» топтамасын да көрмеден табуға болады. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған көрме өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122497/)