Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды. Қақтығыс полицияның күшімен тоқтатылды, қазіргі кезде жағдай бақылауда. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталып жатыр. Полиция департаменті өңірдегі жағдайға байланысты азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесет хабарламаларды таратпауды сұрайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жалған ақпаратпен бөліскендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122528/)