![Коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/11/1581393496455.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 1018-ге жетті. Өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп, 108-і өліммен аяқталды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 42 638 адам. 7333 адам ауыр халде жатыр. Ал 3996 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды.
Сондай-ақ қазір науқастармен тығыз байланыста болған 187,7 мың адам дәрігерлер бақылауында.
2019-nCoV коронавирусы әлемнің 24 елінде тараған. Вьетнамда індетті жұқтырғандардың саны 15 адамға жетті. Олардың арасында үш айлық сәби де бар.
Фото:REUTERS
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122638/)