Биыл көктемде Қазақстандағы 322 елді мекенді су басу қаупі бар. Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында су тасқыны болуы мүмкін. Негізгі себеп биыл қардың жылдағыдан 2-3 есе көп түсуі. Қазгидромет таратқан ақпарат бойынша ақпан және наурыз айларында тағы қалың қар түсуі мүмкін. Елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау үшін 2017-2020 жылдарға арналған арнайы жол картасы бар. Оның аясында осы мақсатта 4 жылға 70 миллиард теңге бөлінген.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміз бойынша 322 елді мекенде су басу қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122746/)