![Мемлекет басшысы волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/12/1581483336176.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «ArtHUb» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысына ресми түрде бастау береді.
Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122765/)