![А.Көлгінов: Нұр-Сұлтанға жыл сайын 50 мың адам көшіп келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/12/1581487987004.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл сайын 50 мыңнан аса адам елордаға көшіп келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов айтты.
«Бастапқыда елорда болып құрылған уақытта халық саны 400 мың адам болатын. Қазір 1 миллион 200 мың адам. Халық саны артып келеді. Сол кезеңде 4,5 мың бала дүниеге келетін, қазіргі уақытта 25 мың бала дүниеге келеді. Бұл - жақсы үдеріс. Балалардың дүниеге көптеп келгені бізге жақсы, отбасылар кеңейеді. Жыл сайын 50 мыңнан аса адам ел астанасына көшіп келеді, соның есебінен халық саны да өседі», - деді қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=А.Көлгінов: Нұр-Сұлтанға жыл сайын 50 мың адам көшіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122774/)