Тұрғын үйлерді жылусыз қалдырған «Павлодарэнергосбыт» кәсіпорны жауапкершілікке тартылды. Монополист мекеме қыстың аязды күндері Павлодар және Екібастұз қалаларындағы үйлерге мардымды жылу бермеген. Тексеру жүргізген бақылаушы органдар 20-дан аса мекенжайда жылудың болар-болмас қана беріліп тұрғанын анықтады.
Осыдан кейін әкімшілік іс қозғалды. Серіктестік кінәсін бірден мойындаған. Мемлекетке 8 млн теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ жылу үшін артық алынған қаржыны тұтынушыларға қайтарып берді.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 8 млн теңге айыппұл төледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122789/)