Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Мекеме басшысының айтуынша, негізгі өсім - ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіп саласында. Әуелгісі бойынша экономикалық көрсеткіш 7,8 %-ға артса, соңғы салада өндіріс көлемі 3,1%-ға өскен. Елге тартылған инвестициялық капитал көлемі де көңіл көншітерлік - 3,7%-ға артып, 3,2 трлн. теңгеге жетті. Сырттан қаражат тарту бойынша Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары көш бастап тұр.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 4,2 пайызға артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12279/)