Ақтауда қандаланы улаймын деп тұтас бір отбасы ажал құша жаздады. Абырой болғанда, 3 адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды. Оқиға кеше болды. 45 жастағы әйел мен оның екі қызы жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Науқастардың уланғаны анықталды. Оларға қажетті ем-дом көрсетілді. Зардап шеккендердің айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі пәтерін қандаладан тазартамын деп улаған, бірақ маңайындағыларға ескертпеген.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда қандаланың уынан тағы бір отбасы зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122816/)