Алматыда әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған ерекше көрме өтеді.
Маусымның 14-і мен 20-сы аралығына жоспарланған шараны 100-ден астам елдің ғылыми қауымдастығын біріктірген Milset қозғалысы ұйымдастырғалы отыр. Ерекшелігі сол - көрмеге жастар инженерлік, математика, жаратылыстану бағытындағы жобаларын қояды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл бастама оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ерекше көрме өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122817/)