Корея Республикасы Қазақстанға өткен жылы небәрі 7 миллион доллар ғана тікелей инвестиция құйған. Бұл тым аз. Сондықтан, әріптестікті жандандыру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корей әріптестік форумында Кореяның сауда мен инвестиция агенттігінің өкілі айтты.
Корея бүгінге дейін Қазақстан экономикасына 2,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Қазір біздің елде 500-ге жуық корей компаниясы жұмыс істейді. Аталған халықаралық форумды ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстандағы корейлер қауымдастығы мұрындық болған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлер бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12284/)