ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласында биыл халықаралық деңгейдегі 34 іс-шара ұйымдастырылады. Жылдың салтанатты ашылу рәсімі жыл басы әз-Наурыз мерекесінде өткізілмек. Бүгін Шымкент қаласына арнайы іс сапармен барған Үкімет басшысы Асқар Мамин шаһардың мәдени шараға дайындығын пысықтады. Сондай-ақ мегаполистің көлік және тұрғын үй құрылысы, коммуналдық жүйелерді дамытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жайымен танысты.
Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарына сай алдағы 4 жылда шаһарды ауыз су, кәріз жүйесі, электр және табиғи газбен қамтуға байланысты ауқымды жұмыстар істеледі. Қала әкімдігінде өтккен кеңес барысында Премьер-Министр осы жұмыстардың тізбесі, атқарылу мерзімі мен оған жұмсалатын қаржы жайына байланысты жергілікті биліктің ұсыныстарын тыңдады. Құзырлы министрліктерге инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесін екі аптаның ішінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ үкіметтің «Шымкентсити» арнайы экономикалық жобасын қолдайтынын жеткізді.
Ғани ҚАЛМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласында биыл халықаралық деңгейдегі 34 іс-шара ұйымдастырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122841/)