![Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/13/1581568526217.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Индонезияның Ява аралында Мерапи жанартауы оянды. Жанартау жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:16-да атқылаған. Қазіргі уақытта сол маңдағы тұрғындарға эвакуация туралы ескерту жіберілген.
Аймақтың қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, жанартаудан атылған күлдің биіктігі 2 мың метрге жеткен.
Еске сала кетейік, дәл осындай табиғат апаты 2010 жылы тіркелген еді. Апат салдарынан 347 адам мерт болған-ды.
trthaber.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122920/)