![Facebook пен Reuters жалған ақпаратпен күресетін бағдарламаны іске қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/13/1581570546233.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Reuters агенттігі мен Facebook желісі АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында бірлесіп, ақпараттың растығын тексеретін, әлеуметтік желідегі фейктерді анықтайтын бағдарламаны іске қосты.
Бұл бағдарлама бойынша агенттік Facebook пен Instagram-да жарияланған деректердің (фото, видео) растығына баға береді. Жоба биыл өтетін президенттік сайлауға дайындық барысында ғана емес, одан кейін да жұмыс істейді.
«Деректерді тексеру бағдарламасы жалған ақпарат таратудың алдын алады. Reuters-тың бізге қосылғанына өте қуаныштымыз. Олардың білімі мен әлеуметтік желі қолданушыларының жазбаларын тексеру тәжірибесі бізге үлкен көмек көрсетеді деп сенеміз», - дейді Facebook өкілі.
Осы орайда Reuters-тың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы бұл бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, жалған ақпараттың қоғамға, азаматтарға елеулі зиян келтіретінін жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Facebook пен Reuters жалған ақпаратпен күресетін бағдарламаны іске қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/122923/)