Осы күзде Түркістанда түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің саммиті өтеді. Соған орай Премьер-Министр көне қаланы жаңғыртудың екінші кезеңін қадағалап қайтты. Асқар Мамин алдымен халықаралық әуежай құрылысымен танысты. Нысан қаладан 16 шақырым жерде орналасқан. Аумағы- 900 гектар. Жылына 3 миллион адамды қабылдай алатын үлкен халықаралық терминал осы күзге дайын болады. Одан соң, Үкімет басшысы департаменттер үйі мен үлкен бассейні бар спорт кешені, 7 мың орындық стадион, Оқушылар сарайы мен драма театр, қалалық парк құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Rixos Turkestan және Hempton by Hilton қонақүйлерін салушылармен тілдесті. Бұдан соң «Керуен Сарай» деп аталатын көпфункционалды туристік орталықтың жобасымен танысты. Оған 80 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=А.Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123032/)